04
қараша
2022
Ұйымдағы топтарымыздың жабдықталуы
Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшлеіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толққанды дамыту мен әлеуетін ашу мақсатында ұйымымызды 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне сүйене отырып заттық-кеңістіктік орта құруға тырыстық. Негізгі мақсат-міндетіміз әр баланың жеке қабілеттіері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын құру, балалардың өмірін қорғау, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, эмоционалды, әлеуметтік, когнитивтік дағдыларын қалыптастырып, Отанды, ана тілін сүюге, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздеріне және патриотизмге баулу. 









