Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ваучерлік қаржыландыру » ГУ "Специальный (коррекционный) ясли сад №124 для детей с нарушениями зрения"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№124 көру және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 262-75-22
Әдіскер:
+7(727) 225-14-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ваучерлік қаржыландыру
01
шілде
2025

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ваучерлік қаржыландыру

Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығы.
 Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.05.2025 № 105  (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 03.01.2025 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен 2024 жылғы 29 шілдеде өткен кеңестің № 16-04/07-1393 хаттамасының 7-тармағының 2) тармақшысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба ( бұдан әрі – Пилоттық жоба) енгізілсін.      
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.05.2025 № 105 ( қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 03.01.2025 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен.    
 2. Мыналар:
1) Көрсетілген бұйрыққа   бекітілген Білім беру қызметтерін 1-қосымшамен алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны жүргізудің  жоспар-кестесі бекітілсін;
 3) Көрсетілген бұйрыққа   3-қосымшамен бекітілген Өңірлерді мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасына көшу кестесі осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.    
  Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.05.2025 № 105 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 03.01.2025 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (М.Е. Адамова) Пилоттық жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті (Н. Нұрлан) Пилоттық жобаны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
5. "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы (А.И. Ибраимов) Пилоттық жобаның операторы болып айқындалсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне (Н.В. Жумадильдаева) жүктелсін.  
   7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.      Министр Ғ. Бейсембаев
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив